Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

"Келісемін". Павлодар тұрғыны Ерке Есмаханға cөз салды

Павлодарда қала күніне арналған концертте эстрада жұлдыздары өнер көрсетті, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

"Келісемін". Павлодар тұрғыны Ерке Есмаханға cөз салды
ашық дерек көздерінен

 

Pavlodarnews.kz сайтының жазуынша, Ertis Promenade сахнасында "Павлодар — менің сүйікті қалам" атты мерекелік концертте Ерке Есмахан, Amre, Алина Герц және "Формат" тобы дүйім жұртқа әннен шашу шашқан. Осы думанда Ерке Есмахан "Аэропорт" әнін орындаған павлодарлық қызға сырғасын табыс еткен. Сондай-ақ көпшілік ішінен бір жігітті таңдап, сахнаға шақырыпты. Ол жігіт Еркеге сақина тағып, сезім білдірген.

Мен келісемін! Мектеп бітіргеніңді күтемін,

— деп күліпті Ерке.

Осы қызықты сәтке куә болған жұртшылық қиқулап қошемет білдірген. Концертті жүргізген "Еуразия" арнасының журналисі мұндай қалың қауымды көптен көрмегенін айтыпты. Концерт соңы отшашуға ұласқан.