Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Тұңғышбай Жаманқұлов: "Розаның қызына мүмкіндік беру керек еді"

Роза Әлқожа мен Азамат Сатыбалдының арасындағы дау әлі толастар емес. Әншінің қызының бойы аласа деп оқуға қабылдамай қойған Қазақ ұлттық өнер академиясының ректорына қатысты ғаламторда да түрлі пікір көп, деп жазады  Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.

Тұңғышбай Жаманқұлов: "Розаның қызына мүмкіндік беру керек еді"
ашық дерек көздерінен

Бойының қысқалығына бола оқуға түсе алмаған Розаның қызы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары әншіні де, ректорды да барынша сынап, түрлі пікір жазған. Бірі Розаның айтқанын құптаса, енді бірі Азаматты жақтап шыққан.

"Баласы оқуға қажетті ұпай жинамай түспей қалған ғой. Онда тұрған не бар?! Бұл жолы түспесе, келесі жолы түседі. Роза Әлқожаның қызы деп өткізе салмайтын шығар", "Бойы қысқалар әртіс болмай ма сонда?", "Роза ақымақ екен. Не болса соны жазып, ұят емес пе?!", "Азаматтың кеудесіне нан піскен екен" — деп жазды желі қолданушылары.