Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

"Розаның қызын алмаңдар!" Әлқожа Азамат Сатыбалдының былығын айтты

Әнші Роза Әлқожаның Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, актер Азамат Сатыбалдыға арнап пост жазды. Ол оқуға қызын қабылдамай қойған ЖОО басшысының әрекетін заңсыздыққа балайтынын айтқан, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

"Розаның қызын алмаңдар!" Әлқожа Азамат Сатыбалдының былығын айтты
ашық дерек көздерінен

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Онда Роза Әлқожа қызын оқуға қабылдамай қойған актердің әрекетін тағы да сынап, өкпе-ренішін жеткізген. Әншінің айтуынша, қызы бойы аласа болғаны үшін емтиханға кіре алмай қалыпты.

"Талантын білмей тұрып, емтиханға кіргізбей, баланы көрмей тек бойға бола қабылдамау — әділетсіздік! Заң тұрғысынан келгенде де ешкім құптамайды. Ол оқу орны Азаматтың жекеменшігі емес!"— деді Роза Әлқожа.

Роза қызын қалай да академияға түсіру үшін ортаға таныстарын да салыпты. Азаматтың өзіне де бірнеше рет хабарласқан. Бірақ нәтиже жоқ. Сондай-ақ әнші бұны актердің өзіне деген қысастығы деп санайды.

"Розаның қызын алмаңдар!" деп принцип ұстап не көрінді? Мен не істедім оған? Тым құрыса телефон алмайды. "Не істейміз сонда?" дегенде, "үмітіңді үз!" демей ме жүрегіміз жарылса да?! Мені ұнатпаса, қызымның не кінәсі бар?! Ақша берсем, алдына барсам басқаша болар ма еді, қайдан білейін?!", — дейді әнші.

Әзірге бұл дауға қатысты Азамат Сатыбалды жауап берген жоқ.