Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

"Көңілдесі..." Жасы 60-қа тақаған Шахизада көшеде жас жігітпен қол ұстасып жүр

Шахизада баласымен жасты жігітпен саябақта қыдырып жүр. Бейтаныс ер адаммен қол ұстасқан әншіні көпшілік сынап тастаған, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К. сілтеме жасап.

"Көңілдесі..." Жасы 60-қа тақаған Шахизада көшеде жас жігітпен қол ұстасып жүр
ашық дерек көздерінен

Былтыр үшінші рет тұрмыс құрғанын хабарлаған Шахизада күні кеше жас жігітпен көзге түсті. Әлеуметтік желіде тараған видеоға зер салсақ, саябақта жасы 60-қа тақаған әнші мен жанындағы ер-азамат бір-біріне жымыңдап, қол ұстасып билеп жүр. Бір қарағанда құдды ғашықтар сияқты көрінеді. Десек те, егде жасқа келіп, қылық шығарған Шахизадаға оқырмандары жағымсыз пікірлерін жарыса жазып жатыр.

"Ұят жоқ осыларда. Бұларға тұсау кестіріп, қыздарыңды ұзату рәсімін жасатпаңдар. Бұлардан қандай өнеге, қандай тәртіп аласыздар?", "Кезекті көңілдесі", "Альфонс жігіт сияқты", "Былтыр күйеуге шығып сүйінші сұрап еді. Ал бұл кім екені өзіне белгілі", "Соңғы кезде осы жігітпен көп шығып жүр. Жаңа күйеуі шығар", — депті желідегі жұрт.

Шахизада өзіне бағытталған сыни жазбаларға жауап бермеген. Бірақ Instagram-дағы соңғы постарының басым бөлігін дәл сол бейтаныс жас жігітке арнапты. Желі қолданушыларының бірі әншінің қасындағы ер адамды өнердегі інісі деген.

Айта кетейік, Шахизада бірнеше мәрте тұрмыс құрғанымен, некелері сәтсіз аяқталған. Алғашқы күйеуінен Олжас есімді отыз жастан асқан ұлы бар.