Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Арман Дәулетияровтың анасы қайтыс болды

Қазақстанда туып өскен, қазір ресейлік медиаменеджер Арман Дәулетияровтың анасы кенеттен қайтыс болды, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.

Арман Дәулетияровтың анасы қайтыс болды
ашық дерек көздерінен

Бұл туралы шоу-бизнес өкілі өзінің әлеуметтік желісінде жазған. Оның айтуынша, анасы кеше, 12 шілде күні жан тапсырған.

"Анам ауырған жоқ. Құрбан айт мейрамын тойлап, қонаққа барып жүрген. Өлерінің алдында бір сағат бұрын телефонмен сөйлескен едік. Енді жанымда жоқ",-   

дейді ол.

Арманның айтуынша, оның анасы демалмақ болып, жантайған. Содан ұйықтап қалып, оянбапты.

"Мен жетім қалдым. Мен үшін аспан айналып, жерге түскендей. Көз жасымды тоқтата алмаймын", - дейді Дәулетияров..

Бұған дейін хабарлағанымыздай, тегі қазақ Арман Дәулетияров анасы неге Мәскеуге барғысы келмейтінін айтып, көңілді видео түсірген еді.