Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Баян Алагөзова бұрынғы күйеуінің түрмеден босатылуына қатысты пікір білдірді

Продюсер Баян Алагөзова бұрынғы жұбайы Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы жайлы пікір білдірді, деп жазады Рaryz.kz  Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Баян Алагөзова бұрынғы күйеуінің түрмеден босатылуына қатысты пікір білдірді
ашық дерек көздерінен

Алагөзова бұл жаңалыққа қуанғанын жеткізді. 

"Биылғы жыл мен үшін өте маңызды болды: немерем дүниеге келді, менің тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильмім әлемді зор жетістікпен шарлауда, қазіргі жұбайыма қатысты әділеттілік орнады. Бүгін бұрынғы жұбайым Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатыны белгілі болды. Бір ай бұрын оның өтініші бойынша мен оның босатылуына қарсы емеспін деген өтінішке қол қойдым, сот өтінішімді қанағаттандырды және ол көп ұзамай бостандыққа шығады. Мен өте қуаныштымын және оған шын жүректен денсаулық пен жақсылықты тілеймін! Өзім үшін, отбасым үшін, балаларым мен немерелерім үшін! Аллаға шүкір!",- деп жазды продюсер.

Еске сала кетейік, сот Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Ол 6 жыл 1 ай 2 күн қамауда отырды.