Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлының Дана Кентайды құшырлана сүйген видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Бейнежазбаны әнші қыз өзінің TikTok-тағы парақшасына жүктеген, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.
Белгілі сазгер, әнші Заттыбек Көпбосынұлы мен эстрада жұлдызы Дана Кентайдың видеосы қазнетте қызу талқыға түсті. Онда қос әнші бір-бірін құшақтап сүйіп, артынан Заттыбектің репертуарындағы "Бүлдірген" әнін орындайды.
"Бүлдіргеннің пісетінін кім білген" деп қызға қырындай қараған Заттыбекке желі қолданушылары түрлі пікір жазған.
"Дана дауысың келмейді екен, айтпай-ақ қойшы "Бүлдіргенді", "Заттыбектің ойы жаман екен", "Бүлдіріп кетпесін", — деп жазды желі қолданушылары.