Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Отандық телеарна директоры мен продюсер отбасын құрды

Отандық  "Қазспорт" арнасының директоры Нағи Бақытбеков продюсер Аида Тілеуханмен шаңырақ көтерді. Желіде жас жұбайлардың дүркіреп өткен тойынан кадрлар пайда болды, деп жазады Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Отандық телеарна директоры мен продюсер отбасын құрды
ашық дерек көздерінен

Медиа нарықтағы танымалдардың тойына отандық жұлдыздар да қатысты. Олардың арасында Гүлнұр Оразымбетова, Нұрлан Еспанов, "Формат" тобы, Құрмаш Маханов, Данияр Өтеген, Тұрсынбек Қабатов, ақын Қалқаман Сарин бар. Сондай-ақ, Айгүл Мүкей мен Қымбат Досжан әріптестерінің қуанышына ортақтасты. 

Айта кетейік, 35 жастағы Нағи Бақытбеков 2020 жылдың 8 маусымынан бері "Қазспорт" арнасын басқарады. Ал Аида Тілеухан танымал продюсерлік орталықта қызмет атқарады.