Ернар Айдар шаңырағындағы қуанышты хабармен бөлісті. Әнші жалғыз қарындасын ұзататынын хабарлады, деп жазады Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Айтуынша, қарындасы Жазира - отбасында төрт ұлдан кейін дүниеге келген жалғыз қыз. Өткен демалыста әншінің қарындасына сырға салынған. Алда үлкен той өтеді деп жоспарланып отыр.
"Жол мұраты жету - қыз мұраты кету. Төрт ұлдан кейінгі жалғыз қыз, Жазира қарындасыма бүгін сырға салынды. Алла қаласа бұл бастамасы, үлкен той алда!
Сен ұяңнан ұшатұғын кезде мен.
Күйге түстім бұрын соңды сезбеген.
Қарындасым жүректегі сезімді,
Жеткізе алмай қиналдым ау сөзбенен.
Жазока, жаным, бақытты болыңдар. Алла тіл-көзден сақтасын, бар жақсылықты тілеймін", - деп тілек білдірді әнші қарындасына.