Әлішер Кәрімов Нұр-Сұлтанда жоспарланған концертінің өтпейтінін хабарлады. 31 шілдеге жоспарланған концертке билеттер сатылып үлгерген. Әнші мұндай әрекетке баруының себебін түсіндірмеді, деп жазады Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Құрметті менің тыңдармандарым, достарым, бәрі-бәрі! Сіздерге айтқым келетіні, 31 шілде күнгі концерт болмайды. Түсіндірмеймін. Тек мені түсінгендеріңізді қалаймын. Маған үзіліс керек", - деп бөлісті Кәрімов желідегі парақшасында.
31 шілдеге жоспарланған концертке билеттер сатылып үлгерген. Кәрімов билеттердің ақшасы кері қайтарылатынын хабарлады.