Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

"Тұрмыста емеспін": Жұлдыз Әбдікәрімованың желідегі видеосы тағы да талқыға түсті (видео)

Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде күйеуі Қайрат Нұртаспен түскен видеосын жариялап, елдің қызу талқысына түсті. Өнер иесі видеода тұрмыста емес екенін айтты, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.

ашық дерек көздерінен

Жұлдызды жұп Черногориядағы демалысынан видеоны бөлісіп, жергілікті табиғатқа, халыққа тамсанғанын айтты. Жұлдыз Әбдікәрімова бұл елде үйлену тойы қалай өтетінін көрсетті. "Жергілікті шара. Үлкен торт пен қонақтар. Үйлену тойды осы жерде өткізсе қандай керемет, иә?", - деді актриса. Қайрат Нұртас келіншегімен келісіп, оған отау құрғандарының 20 жылдығын атап өтуге ұсыныс білдірді. "Иә, керемет. Бірақ бұл жерде емес, 20 жылдығымызды ана аралда жасаймыз деп ойлаймын", - деді ол. Ал Жұлдыз Әбдікәрімова оған "мен әлі тұрмыста емеспін" деп жауап берді.