Дани Милохиннің жақын досы Артур Бабич шығармашылыққа деген көзқарасын өзгертті. Танымал блогер өзінің "Мармеладка" деп аталатын хит әнін қазақ тілінде орындады, деп хабарлайды Paryz.kz, Exk.kz-ке сілтеме жасап.
Артур Бабич жаңа нұсқадағы әннің үзіндісін Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.
Шетелдік блогер қазақстандық оқырмандарын қуантпақ болып, өзінің "Мармеладка" деп аталатын хит әнінің қазақша нұсқасын жазып шықты. Әннің YouTube желісіндегі алғашқы, орыс тіліндегі бейнебаяны 18 миллион қаралым жинаған болатын.
Жастар арасында танымал болған әннің қазақша нұсқасы көпшілікке ұнады. Желідегілер блогерден армян, қырғыз, украин тілінде тіпті өзбекше ән жазуын сұрап жатыр.
Артур Бабич акцентпен сөйлейтінін айтып, қазақстандық оқырмандарынан алдын ала кешірім сұрады. Қазақстандағы жанкүйерлері мұның еш әбестігі жоғын, әнді қазақ тілінде жақсы орындағанын айтып жатты.