Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

"Әртіс қой": Ерке Есмаханға пародия жасаған қыз желіде хит болды

Ол әр басқан қадамы ел назарында жүретін әнші Ерке Есмаханның әрекеттерін айнытпай көрсетеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Әртіс қой": Ерке Есмаханға пародия жасаған қыз желіде хит болды

Пародия жасаған қыздың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Сахнада тұрғанда көйлегінің етегі Қызылорданың желінен қайта-қайта көтеріліп кеткен әншінің видеосы көпшіліктің талқысына түскен еді. Тіпті желіде тараған кейбір бейнежазбаларда Еркенің саны ашылып қалған сәті де көрінеді. Ал әншінің өзі сол кешке басқа көйлек киіп шықпағанына өкінетінін айтқан еді.

Пародия жасаған қыз Ерке Есмаханның дәл сол сәттегі әрекеттерін қайталайды. Бірақ ол микрофонның орнына ағаш ұстап алады.

Сәтті шыққан пародия желі қолданушыларын да күлкіге қарық қылды.

"Мына қыз дайын әртіс қой", "Жарайсың. Күшті салады екен пародияны","Еркенің саны да осындай әппақ қой",

— деп жазды пікір білдірушілер.