Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

“Бірінші рет осындай”: Мөлдір Әуелбекова саяхатының ерекшелігімен бөлісті

Әнші Мөлдір Әуелбекова өзіне демалыс жариялап, Түркия еліне ұшып кетті. Өнер иесі бұл саяхаты басқалардан өзгеше екенін атап өтті, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

“Бірінші рет осындай”: Мөлдір Әуелбекова саяхатының ерекшелігімен бөлісті
Сурет: Instagram

Мөлдір Әуелбекованың шетел асып кеткені жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Эстрада жұлдызы өз парақшасында түрлі фото мен видео жариялап, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті. Ол Стамбул қаласының әсем жерлерін аралап, алған әсерін бөлісті. Әншінің сөзінше, ол алғаш рет топтық турмен саяхатқа шыққан. Әзірге бәрі әртістің көңілінен шығуда.
 

"Өзгеше саяхатым басталды. Екі күн болды ғой Стамбулда қыдырып жүргеніме. Өмірімде бірінші рет осындай аралап көрсететін топтық турмен келдім. Топтық турдың рахатын айтып жеткізе алмаймын. Тек сөмкемді жинадым да әуежайға келдім. Басқасының бәрін ұйымдастырушылар жасады. Әнші болғаным үшін емес, әр клиенттерін солай еркелетеді екен бұл компания. Топпен жүргеннің тағы бір пайдасы бәрі көңілді сондай. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналып танысып, түрлі эмоция бастан кешіріп жатырмыз", - деп жазды Әуелбекова.