Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

"Қызым менің": Қуандық Рахым тұңғышын перзентханадан алып шықты

Жақында алғаш рет әке атанған әнші Қуандық Рахым  сүйіктісі мен қызын перзентханадан шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz, Caravan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қызым менің": Қуандық Рахым тұңғышын перзентханадан алып шықты

Белгілі өнер иесі тұңғышын қолына алған сәтін Instagram парақшасына жүктеді.

«Тілекпен кел, жүрекпен кел, Ағайын, Жақсылықты жақын көрсін жат көрсін. Тәңір төгіп шуағы мен арайын, Қызым менің – Қызырлы үйге бақ болсын!» – деген жүрекжарды жазба қалдырды әнші.

Жұбайы Назерке мен сәбиін алып шығуға Қуандық Рахымның отбасы мен ет жақындары келді. Оның қуанышын өнер адамдары мен оқырмандары бөлісті.