Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

"Ер адамға шабыт беруді ғылымға айналдырып жіберген" - Айсәуле Бақытбек

Танымал блогер Айсәуле Бақытбек желіде жаңа жазба жариялап, ер адам мен әйелдің қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Ер адамға шабыт беруді ғылымға айналдырып жіберген" - Айсәуле Бақытбек

Оның сөзінше, азаматтың ақымақ болуына оның сүйіктісі кінәлі емес.

Айсәуле Бақытбек өз ой-толғауын Instagram парақшасында бөлісті. Ол әйелдер қауымына келелі кеңестерін де берді.

"Жағымсыз пікір айтқым келмейді, бірақ Instagram-да ер адамға шабыт беруді ғылымға айналдырып жіберді. Мен бәріне дұрыс көзқараспен қараймын. Менің ойымша, сөзсіз ақыл-есі дұрыс, жақсы жігіттер бар. Ал сіз күні бойы мантра оқып, миына құйып отырсаң да, бұрыс жолға түсетін еркектер бар. Оған сіз кінәлі емессіз және бәрі әйелдің қолында емес. Махаббат бар жерде бәрі жақсы болады. Ер адамға құрметсіздік танытпаңыз, біреулердің көзінше оның бағасын түсірмеңіз. Қарапайым ережелерді ғана ұстаныңыз. Сонда бәрі жақы болады”, – деді ол.