Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

"Алло, братан мен ғой Шиза": Нұрлан Албан әдеп сақтамаған әнші туралы айтты

"ИК" концертінде Shiza есімді лақап атпен танылған Асхат Жолшиев көрермендерге анайы сөздер айтып, арты қатты дауға ұласқан болатын, деп хабарлайды Paryz.kz, Caravan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Алло, братан мен ғой Шиза": Нұрлан Албан әдеп сақтамаған әнші туралы айтты
Сурет: Caravan.kz

Shiza әнші Нұрлан Албанға хабарласқанын "1001" түн бағдарламасында айтып берді.


"Маған Шиза хабарласты да: "Алло, братан мен ғой Шиза",-дейді. Мен қашан оған братаны болғанмын білмеймін, мүмкін бауыры шығармын. Дегенменде әй-жоқ, шәй-жоқ хабарласқанына таң қалдым. Мен бірден бетін қайтарып тастадым. Мен бұрын соңды ол жігітті танымаймын, алар өшім жоқ. Жасын сұрадым 27-де екен. Мен нөмерін сақтап қойдым. Менің мазам болмай тұр, мен кішкене өз-өзіме келейін. Міндетті түрде жолығамын сенімен дедім. Онымен жолыққанда мен оның мұрнын бұзайын деп емес, жасаған ақымақтығын айтуға... қазір тренд болып кетті ғой бір нәрсе жасайды да, артынан сұмірейіп кешірім сұрай салады. 27-жастағы жігіттің жіберген дөрекілігі бұл миға сыймайды.",- деді Нұрлан Албан.

Оқырмандардің пікірі: "Шиза бауырым қатты қателесті","Кешіріммен қарайықта","Мықты жігіттер ғой","Алла жар болсын енді",- деп жазды.

Тағы оқыңыздар: Сахнада "ішіп алып" ән айтқан рэперлердің концерті Түркістанда өтпейтін болды

Ирина Кайратовна тобының мүшесі "сәтсіз" концерт үшін кешірім сұрады

"Кешірілмесін": Меруерт Түсіпбаева атышулы "Ирина Кайратовна" тобына қатысты айтты

"Аяқсыз қалдырмау керек": Туды қорлаған әншілерге қатысты ІІМ-ге ашық хат жолданды