Белгілі продюссер Баян Мақсатқызының күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов сүйіктісіне қол жеткізу үшін барлығынан бас тартқан, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Ол бұл туралы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.
Өмір — ақылға қонатын немесе қонбайтын шешімдер деп бөлінбейді. Мен ол адамды жақсы көріп қалдым. Ештеңе істей алмадым. Сүйіктім үшін барлығынан бас тарттым. Баянсыз өмір сүре алмайтынымды түсіндім,
— дейді Тұрсын Алагөзов.
Ол қазір бұрынғыдай байлығы жоқ екенін, қазір ел қатарлы өмір сүріп жатқанын айтты.
Ешқандай дүние-мүліктің жоқтығы да оңай екен. Осы күні ешкім алдынан жүгіріп шығып есік ашпайды. Бірақ одан өмірім жаман болып кеткен жоқ. Таңертең жүгіріп спортпен айналысамын. Бос уақытым көп,
— дейді кәсіпкер.
Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызы алты жылдан бері бірге тұрады.
Бұған дейін Баян Мақсатқызының "Бұрынғы күйеуім бостандыққа шығып, үйленгенін қалаймын" деп айтқанын жазғанбыз.