Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

"Обал-ай": Желіде бірінші әйелімен көзге түскен Айқын Төлепбергенді талқылауда

Дәл қазір ғаламтор тұтынушылары Айқын мен Жұлдыздың отбасына қатты алаңдаулы. Өйткені күні кеше әнші жігіттің алғашқы әйелімен бір ортада билеп жүрген видеосы қазнетте тарап кеткен.

Бұрынғы ерлі-зайыптыларды бірге көрген көпшілік, олардың қайта қосылғанын жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Обал-ай": Желіде бірінші әйелімен көзге түскен Айқын Төлепбергенді талқылауда

Айқын мен Әселдің бақытты сәттерін танымал тележүргізуші Қазыбек Қасым өзінің Instagram-дағы Stories бөліміне түсірген. Әнші мен экс-келіншегінің өз ортасында бірге билеп, көңіл көтергенін байқауға болады. Десек те, бұл видео желідегі жұртты бей-жай қалдырмады.

"Жұлдыз ше? Екі бала туып берген ол адам емес пе?", "Әселмен қосылсын, керемет жұп", "Тоқал оттан ыстық, қала берсе боқтан сасық" деген екен. Сол үшін еркек шатасады, артынан қазығын табады", "Әселге ешкім жетпейді. Ол да екі бала туды. Қайта қосылайын деп жүр. Құтты болсын", "Обал-ай Жұлдызға", "Айқын Әселге қайта оралса, Жұлдыз баламен қалғанның қалай боларын сезінер еді", — деп жазды желі қолданушылары.

Анығында, ғаламторды шулатқан бейнетаспа Айқынның тұңғыш ұлының бастауышпен қоштасу кеші екен. Сондықтан болар, бұл шараға Аңсардың анасы, яғни Әсел де арнайы келген. Олар ортақ некедегі баланың қуанышын бөлісуді жөн көрген. Бірақ бұрынғы ерлі-зайыптылар қайта қосылған жоқ.

Сіздерге көп рақмет. Бізден гөрі біздің балаларды сіздер көп көресіздер. Сондықтан сол балаларға тәрбие беріп, оқытып, осындай үлкен жетістіктерге жеткізіп жатқандарыңызға мың да бір алғыс,

— деп Айқын ұлының ұстаздарына алғысын айтты.

Айта кетейік, Айқын 2017 жылы бірінші әйелі Әселмен ажырасып, екінші рет Жұлдыз Өмірғалимен шаңырақ көтерді.