Даня Милохин мен Аня Покров "қазақтардан" кешірім сұрап, Қазақстанға уақытша келгендерін айтты.
Бұл туралы Tik Tok жұлдызы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Қазақтар, мен сендердің жақсы көремін. Сендерге тіл тигізу ойымда да болған жоқ. Байқаусызда ренжітіп қойсам, кешірім сұраймын,
— делінген жазбада.
Егер ренжіткен болсақ, кешірім сұраймыз. Біз бұлай болғанын қаламадық. Менің қазақ достарым көп, оның үстіне біз бұл жаққа уақытша қонаққа келдік,
— деді Аня Покров.
Аня Покров Қазақстанға әкесімен бірге келген көрінеді. Қазақстан пейзажының фонында әкесімен түскен суретті жүктеп, "Мен Қазақстанға ғашық болдым" деген жазба қалдырды.