Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

«Лайықты әтеш болды»: Серік Ибрагимов «Маска» шоуының жеңімпазы атанды

«Хабар» арнасында құпия мен жұмбаққа толы «Маска» шоуының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz, «Хабар» телеарнасына сілтеме жасап.

«Лайықты әтеш болды»: Серік Ибрагимов «Маска» шоуының жеңімпазы атанды
Сурет: Видеодан стоп кадр

«Достар, міне, бүгін әлемдік деңгейдегі «Маска» шоуы өз мәресіне жетіп, ӘТЕШ оның жеңімпазы атанды. ӘТЕШТІҢ костюмінде өнер көрсеткен, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Серік Ибрагимов @ibragimovserik-ті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!», - делінген арнаның Instagram-дағы ресми парақшасында.

Желі қолданушылары отандық әншіні жеңіспен құттықтап, бағдарламаны талқылай түсті.

«Осы жолы әділ болды, ешкім тапқан жоқ», «Қуандықты танып тұр, ал әтешке нақты вариант болған жоқ», «Бірақ шыны керек, дауысынан мүлдем Серік екені байқалмады», «Нағыз лайықты әтеш болды»,  - деп жазды желі қолданушылары.