Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

"Басымызды жаратын шығар": Диана Қырықбайдың қыздарға кеңесі талқыға түсті

Танымал тележүргізуші қыздарға жігіттерді қызғандырудың жолын айтып берді. Бұл туралы видеоны ол өзінің TikTok-тағы парақшасында жариялады, деп хабарлайдыp Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Басымызды жаратын шығар": Диана Қырықбайдың қыздарға кеңесі талқыға түсті

Диана Қырықбайдың айтуынша, егер қыз бен жігіт ұзақ уақыттан бері кездесіп жүрсе, ер адам қызғануды қояды. Оған себеп өзара сенім немесе жігітке "оған кім қарайды?" деген ой келуі мүмкін. Тележүргізуші мұның дұрыс емес екенін айтады.

Ресторанға барып, тамақтанып, шотты төлеп кетіп бара жатқан кезде жаныңызда отырған адамдардың барлығына күліп қараңыз. Сәті түссе танитын адамдай жылы жүзбен басыңызды изеңіз,

— дейді ол.

Тележүргізуші қажет кезде бұл әдісті өзі де қолданғанын және оның іске асқанын айтады.

Желідегілер бұл лайфхакты қос қолдап қолдады. Алайда кейбірі мұны қауіпті әдіс деп санайды.

"Қатты қызғанып күліп тұрған жерінен жарқ еткізбесін", "байымыз болса таяқ жейміз ғой", сол жерде басымызды жаратын шығар", — деп жазды желідегілер.