Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

"Әскерге барғым келген жоқ": Qanay Отарда қаза тапқан сарбазға арнап ән салды

Жуырда отан алдындағы борышын Отарда өтеуге аттанған Әлібек Қалбай есімді сарбаздың 10 күннен кейін қайтыс болғаны жайлы хабар бүкіл елді дүрліктірген еді.

Бұл қайғылы қаза танымал әнші Qanay-ға да қатты әсер етсе керек, өнер иесі марқұмға арнап ән орындап, бейнебаян түсірткен, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Әскерге барғым келген жоқ": Qanay Отарда қаза тапқан сарбазға арнап ән салды

"Жас сарбаз Әлібектің отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Ата-анасымен негізі таныс емеспіз. Бірақ бейнебаянды шығаратын уақытта іздеп тауып, қоңырау шалып, ескертуді жөн көрдік. Клипке керекті кадрларды ғаламтордан жинадық",  дейді әнші Qanay.

Ол жас сарбаздың рухына арнаған клипіне композитор Ескендір Хасанғалиевтің "Бозторғайым" әнін таңдаған.

"Бұл әнді мен қатты жақсы көргеннен кейін, бұл әнді жаңартамын деп шештім. Қолымнан келді деп ойлаймын. Оқырмандардан көбінесе "жүректі елжіреттің" деген сияқты пікірлер көп келді, яғни біздің тырысқанымыз бекер емес"— дейді орындаушы.

Qanay бұл сұхбатында қазіргі Қазақстан әскеріне қатысты да ой-пікірімен бөлісті.

"Жалпы, бұл оқиғаның қалай болғанын да немесе кім кінәлі екенін де білмейміз. Бірақ бейбітшілік уақытында мұндай өлім болғанын қаламаймыз. Негізі әскерге барған дұрыс деп санаймын, оның өз пайдасы бар, елге де, барған сарбазға да. Мен өкінішке орай өнер жолында жүргендіктен әскерге барғым келген жоқ, ол жерде қорқу немес басқа себеп болған жоқ", — дейді әнші жігіт.

Айта кетейік, жаңа бейнебаянымен елді жылатқан Qanay есімді өнерпаз отандық шоу-бизнесте "Ол қыз" әнімен жақсы таныс.