Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

"Хайп қуғандар": AZ мен Зирузаның суреті желіде қызу талқыға түсті

Азамат Зенкаев пен Зируза желіде фотосессия кадрларын бөлісіп, елдің сынына ұшырады. Қалың көпшілік қос әншінің кездесіп жүргенін болжап, оларды қызу талқылады, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Хайп қуғандар": AZ мен Зирузаның суреті желіде қызу талқыға түсті

AZ мен Зируза ашық образдағы суреттерін Instagram желісінде жариялап қойған. Онда әртістердің қол ұстасып тұрғанын көруге болады. "Бұл біздің репертуар, Зируза менен рэпер туар", - деген жазба қалдырды AZ фото астында.

Белгілі болғандай, жұлдыздар дуэт жазып шығарған. Бірер күн бұрын аталмыш әнге түсірілген бейнебаян да жарық көрді. Желі қолданушылары бірден оларды қызу талқылап, ой бөлісті. Оқырмандар әншілердің кездесіп жүргенін болжауда.

"Негізі Зирузамен жарасасыңдар Еркеге қарағанда", "Сіздер кездесіп жүрсіздер ме?", "Мынадай достық қатынас болмайды ғой енді", "Жай ғана дос шығар", "Ерке мен тез айырылысып кеткенін айтам да", "Бұларда бәрі тез ғой, бүгін біреумен, ертең басқамен жүреді", "Жақсы жарасып тұр", "Әншілер бас қосып опа таппайды", "Хайп қуғандар", "Бізге не керегі бар?", "Мынадай фотоларың артық енді", "Кімге не көрсеткісі келеді?", "Бірге бейнебаян түсірген ғой, соның жарнамасы", - деп жазуда көпшілік.