Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

"Алладан безген ақымақтар": Ерке Есмахан жалған ақпарат таратқандарға ашулы

Әнші Ерке Есмахан желіде өзінің қайтыс болғаны туралы ақпарат таратып жатқандарға шүйлігіп, оларға қатысты бар ойын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Алладан безген ақымақтар": Ерке Есмахан жалған ақпарат таратқандарға ашулы

Өнер иесі олардың қаралым саны үшін пасық әрекеттерге барғанына ашуланды.

Ерке Есмахан азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Онда ол өзіне "өлім" тілеген жандарға үндеу жасады.

"Мына қасиетсіз Insta, Youtube порталдарға не істеуге болады? Не деген құдайдан қорықпайтын адамдар? Өсек, өтірікті қойып өздері өлмейтіндей неге бұндай жасайды? Ата-анасы, бауырлары, балалары жоқ па? Біреуге өлім тілегенше, өздеріңе бақытты өмір тілесеңдерші. Лүпіл мен қаралым саны үшін ардан безгендер. Осылай жазуға, суретті осылай салуға қалай Алладан қорықпай дәттерің барады?  Өмір жасың ұзақ болады дегенге жатпайды бұндай іс. Ол бұрынғы заманда қателесіп ауыл-аймаққа естіртіп жіберсе, "кешір, өмір жасың ұзақ болсын" деп қателескендерін жуып-шайған.Ал бұл адамдардың қолдан жасап отырған дүниесі. Алладан безген ақымақтар. Ақырзаман осы шығар. Күннен күнге адамдардың пейілі мен лас ойлары мені таңғалдырады. Аллаға тапсырдым", - деп жазды әнші.