Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

"Қоғамды құртып отырсын": Мөлдір Әуелбекова оқырманын сотқа берді

Әнші Мөлдір Әуелбекова желіде ар-намысына тиіп, өзіне жағымсыз пікір жазған оқырманын сотқа берді, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қоғамды құртып отырсын": Мөлдір Әуелбекова оқырманын сотқа берді
Сурет: ашық дереккөз

Өнер иесі бұл жолы соңына дейін баратынын ескертті.

Мөлдір Әуелбекова оқырманы кешірім сұраса да, бұл райынан қайтпайтынын кесіп айтты. Ол өзін даттаған жан заң жүзінде жауап беруге тиіс екенін жеткізді.

"Сізді ресми түрде сотқа бергенім жайлы хабарлаймын! Әр сөзіңіз үшін жауап бересіз! Парақшаңызды өшіріп айфтын ауыстырып немесе маған шығып кешірім сұраудың қажеті жоқ. Бұл жолы соңына дейін апарамын. Шектен шықтыңыздар! Шыдамның да шегі бар", - деп жазды эстрада жұлдызы Instagram парақшасында. Желі қолданушылары өнер иесінің бұл әрекетіне қолдау білдірді.

"Дұрыс. Біреуді осылай орнына қою керек. Өзгелерге сабақ болады", "Қолдаймыз. Әр нәрсенің өз шегі мен орны бар. Бұл кісі тым артық кетіпті", "Біреудің шекарасына кіру өте дұрыс емес. Ұл-қызымыз бар, кімнің алдында не күтіп тұрғаны Аллаға аян. Алланың жазған тағдырын талқыға салуға қақымыз жоқ", "Адамның жүрегі қандай болса, аузынан сондай сөз шығады", - деп жазуда көпшілік.