Әлеуметтік желіде тараған шулы видеодан кейін Мақпал Жүнісова көрінбей кетті. Бұған дейін желіге түрлі суреттерін салып, оқырманмен байланыста отыратын өнер жұлдызын көпшілік жоғалтып алған еді, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Ұзақ үнсіздіктен соң әнші Instagram-дағы парақшасына видео салды.
Халық артисі парақшасына "Адамдар кешіріңдер" деген әнін жүктеген. Ұзақ үзілістен кейін әлеуметтік желіге шыққан әншіні жұртшылық қуана қабылдады.
Әннің астына оқырмандар Мақпалды қолдап, жүрек-жарды пікірлерін жазған. Бірі "Жаным апатайым", "Жан-дүниеңізді түсінбей жатсақ, кешіріңізші", "Алтын апатайым" десе, енді бірі түрлі смайликтермен өнер жұлдызын қолдайтынын білдірген.
Тағы оқыңыздар:"Мен сіздерді алдадым": Мақпал Жүнісова жалғыз қызын асырап алғанын айтты (ВИДЕО)