Ерке Есмахан отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Әнші ағасы мен анасына Алматыдан үй салып беретінін айтты. Анығында, үйді Еркенің ағасы Бауыржан Есмахан тұрғызады, ал әнші демеушілік етеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Менің тапсырмамды орындап, ағам анама үй салып жатыр", - деген Ерке құрылыс алаңын Instagram парақшасында көрсетті.
"Екі ағамда да Алматыда үй бар, шүкір. Енді өзіме де жер үй салдырам-ау. Үлкен ағам үй алды. Кіші ағам Бауыржан да жер алып, үй салайын деп жатыр.
Бұл үйдің де демеушісі өзім. Анам осы кіші ұлы, өте қатты жақсы көретін ұлының қолында, осы үйде тұрады бұйыртса",- деп бөлісті өнер иесі.
Әншінің отбасы құрылыстың басталуына орай қой сойып, құрбандық шалды.