Ағайынды Артур Төлепов пен Асылхан Төлеповтің жары бір үйде тұрады. Бұл турады Мәдина Төлепова айтты. Актердің жары отбасындағы тәртіптер туралы ашық айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Артур Төлеповтің жары Мәдина Төлепова оқырмандарының қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Ол отбасындағы тұрмыстық тәртіптері жайлы баяндады.
“Айсұлумен қарым-қатынасымыз жақсы. Иә, бір үйде тұрамыз. Тамақты кезектесіп жасаймыз, кейде бірге жүріп жасаймыз. Айсулу менен 2 жас үлкен. Жүктілікті келісіп жоспарлаған жоқпыз. Тағы сұрақтарыңыз бар ма?”, – деп жауап берді.
Мәдина Төлепова абысыны Айсұлумен жақын қарым-қатынаста екенін айтады. Ол бір отбасында екі келіннің қандай артықшылықтары барын сөз етті.
Айта кетейік, Айсұлу Нарымбекқызы актер Асылхан Төлеповтің жары.
“Ұқсайсыздар, апалы-сіңлілі деп ойлап қалдым”, “Сіздердің татулықтарыңыз тікелей енеге байланысты, екеуіңді шағыстырып, бір-біріне айдап салып, біріңді жақтап, даттап отырса, қайдағы татулық! Көреген енелеріңе рахмет”, “Бөлек тұрған жақсы ғой бәрібір”, “Неге бірге тұрасыздар?”, “Артур екеуіңіз бір-біріңізге, Айсұлу мен Асылхан екеуі бір-бірлеріне ұқсайды қатты”, “Қайсысыңыз енеңізбен жақсы?”, “Кім көп жұмысты атқарады?”, “Көз тимесін”, – деп жазды желідегілер.
Жақында Асылхан Төлеповтің ұлы шетінеп кетті. Өнер өкілдері мен желідегі оқырмандары сабырлық тілеп, басу айтты.