Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Димаш Құдайбергенмен көзге түсіп қалған бейтаныс ару кім екені белгілі болды (ФОТО)

Әр қадамы фанаттарының назарынан тыс қалмайтын әйгілі әншінің бұл жолы шығармашылықтағы жаңалығы емес, жеке өмірі елдің талқысына түсті. Ғаламторда Димаштың бейтаныс қызбен түскен суреті жұрттың назарына іліккен, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап.

Димаш Құдайбергенмен көзге түсіп қалған бейтаныс ару кім екені белгілі болды (ФОТО)
Сурет: ашық дереккөз

Өнерпаз жігіттің оңашада белгісіз бойжеткенмен отырған фотосы әлеуметтік желіде тез тарап үлгерген. Әлем таныған қазақ баласының фанаттары екі жасқа жылы лебіздерін жазып жатыр.

"Жарасымды жұп", "Сіздер маған қатты ұнайсыздар", "Екеуің қандай әдемісіңдер", "Екеуіңіз бір-біріңізге ұқсайды екенсіздер" дейді Димаштың тыңдармандары.

Анығында, Димаштың қасындағы ару актриса Алтыншаш Шаяхметова екен. Олар Ақтөбе қаласындағы музыкалық колледжде бірге оқыған көрінеді. Жігіт пен қыздың таныстығы 16 жастан басталған. Бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында актрисаның өзі жазыпты. Аталған постқа Димаш Құдайберген де лүпіл басып, жүрекше қалдырған.

instagram

"Еліміздің мақтанышы, қазақ жерінен шыққан әлемге әйгілі жұлдызымыз, мақтанышымыз! "Үздік халықаралық жұлдыз" атты сыйлығың құтты болсын, родной! Өміріміздің 16-шы жылынан басталған достығымыз мәңгілік болсын! Алыста жүрсең де, елімізге оралғаныңда, ұмытпай іздейтініңе ризамын! Сені мақтан тұтамын. Аман жүр!", — деді актриса.