Мөлдір Әуелбекова отбасының басынан өткен ауыр жайтты баяндады. Ол алаяқтың құрбаны болып, баспанасынан айырылып қалғанын, ата-анасымен бірге далада қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"2015 жылы мені лақтырды. Бүкіл ата-анам, бауырларыммен далада қалдық. Амал жоқтан үлкен сомма 185 доллар курспен қарыз алып, 365 курспен қайтардық. Сол кезде үш жыл бойы сол қарызды жабу үшін ғана жұмыс істедім", - деп бөлісті әнші Instagram-дағы парақшасында.
Әнші жаңа үй салу үшін қарыз алған. 2 ай ішінде үйді тұрғызып, кейін сол баспанадан ұзатылып шыққан. Алайда Әуелбекованың екі некесі де сәтсіз аяқталған еді.