Димаш Құдайберген әлемге әйгілі қытай актері Джеки Чанды туған күнімен құттықтады. Ол Джекимен түскен кезекті суретін жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Туған күніңізбен, аңыз адам. Сізге бар жақсылықты тілеймін. Сіз тек маған емес, бүкіл адамзатқа үлгісіз", - деп тілек білдірді ол.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген Джеки Чанмен алғаш 2017 жылы Қытайда I am a Singer жобасына қатысып жатқан кезінде танысты. Қазақ әншісінің өнерін жоғары бағалаған Джеки Чан Димашты кездесуге шақырып, оған өз күртешесін сыйлаған еді. Димаш болса Джекиге шапан жауып, домбыра тартулады. Қос жұлдыз 5 жылдан бері достық қарым-қатынаста.