Продюсер Баян Мақсатқызы көпшілікке қысқа көйлек киген видеосын жария етті деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Ол құрбысы журналист Динара Сатжанға халықтың көзінше қысқа көйлекте жүргеніне еш ұялмайтынын жасырмады.
Журналист те қарап қалмай, қысқа көйлек туралы сұрағанда Баян Мақсатқызы: «Бұл көйлек астана үшін арналған. Әже болдым», – деді.
«Әжелер осындай болу керек пе?», деген сұрағына «Әрине», деп қысылмай жауап берді.
Желіде продюсердің бұл қылығын қолдаушылар да сынап жатқандар да бар.
Олар: «Әже болдың, енді мынандай қысқа юбка ұят емес па?», «Баянга бары жарасады, ары карай ұзын киемін десе өіз біледі ғой. А так Огонь», «Кыздай әже ғой», «Маған десе жалаңаш жүре берсін,маған бəрібір!», деген пікірлер қалдырған.