Актриса Әсел Сәдуақасова соңғы уақытта "Сіз лесбиянкасыз ба?", "Қызбен қатынасты қалайсыз ба?" деген сынды жағымсыз пікірлерді жиі еститін болған, деп хабарлайды Paryz.kz, Exk.kz-ке сілтеме жасап.
Әселді мұндай сөздер қатты ашуландырған.
Көңіліне тиетін сөздерді актрисаға Instagram-дағы оқырмандары жазады екен.
Бізде егер қыз бала уақытында тұрмыс құрмаса, яғни оның жыныстық ориентациясы (бағдары) дұрыс емес деп шығады. Мен, әрине, ер адаммен жыныстық қатынасты қалаймын, — деді Әсел Сәдуақасова.
Актриса дәл қазір анасымен бірге Балиде тұрып жатыр. Одан бұрын Мәскеуге қоныстанған еді.