Шейхқа тұрмысқа шығу жайлы жазба жариялаған әнші, актриса Бота Бейсенова әлеуметтік желідегі оқырмандарынан сөз естіді деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«Дубайдан сәлем! Мына фотодағы шейх 10 млн қалыңмал берем деп тұр! Не істейін, ағайын? Дубайда қалып кетсем бе екен? Бір ойым…» деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.
Оның қалжыңына көпшілік түрлі пікір айтып, көзқарастарын білдіріп жатыр. Олардың арасында әншінің сөзін шынайы қабылдап қалғандар көп.