Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

"Наркоздан кейінгі сандырақ": Жахан Отарғалиев Түркияда ота жасатқанын көрсетті

Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев денсаулығы сыр беріп, Түркияда ота жасатты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Наркоздан кейінгі сандырақ": Жахан Отарғалиев Түркияда ота жасатқанын көрсетті

 Өнер иесі желіде операциядан кейінгі видеосын бөлісіп, өз жағдайын айтты. Жахан Отарғалиев кезекті фильмінің түсірілімі барысында дертін асқындырып алғанға ұқсайды. Сол себепті актер бірден ауруханаға жүгініп, ота жасатуға мәжбүр болған. Жұбайы Балжан Бидаштың сөзінше, Жаханның 13 жылдан бері белі ауырып келген.

"Күн қатты суық болды, ойламаған жерден қар жауып кетті. Осы кезде асқындырып алыппын. Содан бері тоқтамай ауырған соң келдім. Судың қадірін қатты түсініп жатырмын. Наркоздан кейінгі сандырақ. Аяқ асты Стамбулға келіп, кішігірім операция жасаттым. Жанашыр достар, денсаулықтарыңызға уақытында қараңыздар ", - деп жазды Отарғалиев Instagram парақшасында. Өнер иесі бүгінде жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты.