Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

«Аластап жатқан ғой»: Қайрат Нұртас арқасына от жақты

Қайрат Нұртас әйелдердің мерекесінде "артын" өртеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Exk.kz-ке сілтеме жасап. 

«Аластап жатқан ғой»: Қайрат Нұртас арқасына от жақты
Сурет: ашық дереккөз

Әнші аяғынан жоғары мойнына дейін от жаққан бейнежазбасын Іnstagram-дағы сторисінде жариялады. Видеода оның етпетінен жатқанын көруге болады. Мұнан кейін белгісіз ер адам үстіне сұйықтық құйып, артынша от жағады. Лаулаған отты көп ұзамай орамалмен сөндіреді. Дәл осындай әрекетті денесінің бірнеше жеріне қайталайды.

Кейін елдің назарын аударған бейнежазбадағы әншінің бұл әрекеті ем алу мақсатында жасалған процедура екені белгілі болды. Ол от арқылы хиджама жасатқан.

Желі қолданушылары әртістің бұл ісін қолдап та, сынап та алды. 

"Жамандықтың бәрі сол артымен кетсін деп жатқан шығар", "Бұл массаждың түрі. Суықты алады бойдағы",  "Ештемесі өртеніп кетпегенбе айтеур", "Сторисқа салам деп тегін жасатқан ғой", "Адраспанмен аластап жатқан ғо" - деді желі қолданушылары.