Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Мен - подкаблукпын": Жахан Отарғалиевтің әрекеті көпшілікке ұнамай қалды

Ерекше әзілімен көптің көңілінен шығып, танымалдығы артқан Жахан Отарғалиевтің бір әзілі көпшілікке ұнамай қалды. Желі қолданушылары өз пікірін таласа жазды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Мен - подкаблукпын": Жахан Отарғалиевтің әрекеті көпшілікке ұнамай қалды
Сурет: Stan.kz

Жахан Отарғалиев түрлі тақырыпта әзіл вайндар түсіріп жүр. “Күлпәш” образымен есте қалған әзілкеш отбасылық, тұрмыстық әзілдерді көптеп түсіреді. Алайда соңғы түсірген әзілінің бірі көпшілікке ұнамай қалды.

Мен мойындадым, иә, мен сондаймын. Мойындамай жүрген достарыңды белгіле, – дейді әзілкеш.

Желідегі оқырмандарының көпшілігі қарсылық білдіріп, өз пікірін жаза бастады.

“Қуып кетті, осы соңғы кезде”, “Жахан! Өз қадіріңді кетіріп арзан әзілдер түсірме, жараспайды. Жасың мен қоғамдағы орныңды білгенің дұрыс!!”, “Қате-ау мына әңгімең, өз ойым”, “Түк те ұнамайды, айып етпе, өз ойым. Еркек атына сай салмақты болсаң етті сайқымазақ болмай”, “Әдейі айтып тұрған шығар сондай жігіттердің рөлін көрсетіп”, “Біз отбасымызбн жақсы көреміз”, – деп жазды олар.