Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Естен кетпес күн": Фариза Төреәлі оқырмандарына жаңалығын айтты

Төреғали Төреәлінің 20 жастағы қарындасы Фариза Төреәлі мен оның жолдасы Дархан Нортаев әкесіне су жаңа Lexus 570 көлігін сыйға тартты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

"Естен кетпес күн": Фариза Төреәлі оқырмандарына жаңалығын айтты
Сурет: 365info.kz

Қызы мен күйеубаласынан бағалы сый алған әке көз жасын тоқтата алмады. Бұл туралы Фариза Төреәлі өзінің желідегі парақшасында жазды.

Қазіргі таңда жолдасымен бірге АҚШ-та білім алып жатқан Фариза өзі елде болмаса да, ата-анасына ерекше тосынсый ұйымдастырыпты.

Біз үшін қашан да ең бірінші орында ата-аналарымыздың разылығы. Дархан екеуміздің әкемізге сыйлығымыз! Су жаңа ең соңғы модельдегі Lexus 570 Black Vision Алла Тағалам әкеме адалынан күйеу бала нәсіп етіпті, шүкір! Бұл идея Дархандікі еді, жан-жарым сізге ерекше алғыс айтамын. Қаншама еңбегіміз, ұйқысыз түндер - өз нәтижесін беруде, ең бастысы ата-ана разылығы! Жақында ғана ата-енеме коттедж сыйлаған едік, енді міне әкеме адал еңбегімізбен көлік сыйлап жатырмыз. Армандарым орындалып жатыр, сансыз мадақ!, - деп жазды ол.

Фаризаның айтуынша, олар ата-анасына тосынсый жасап, автосалонға басқа сылтау айтып, шақыртып алған.⠀

Динаға көлік бергелі жатыр деп ата-анамызды салонға шақыртып алдық. Ағам мен жеңгем де білмейді, төрт көзіміз түгел болып табыстаймыз ба деп жоспарлаған едік, Алла қалауымен аға-жеңгем Меккеге жол жүріп кетті. Салонға кіргенде біздің видео жолдамамыз қосылды, сол сәтте көлік әкеме екенін айттық. Көзіне еріксіз жас келгені жүректі елжіретті, әкемнің бұндай эмоциясын алғаш рет көруім. Осы жылы 50-ге толады Алла қаласа! Естен кетпес күн болды, - деп жазды ол.

«Күйеуге шығып, жоқ болып кетті»: Кәмшат Жолдыбаева әншілікті тастап, психолог болып кетті ме «Күйеуге шығып, жоқ болып кетті»: Кәмшат Жолдыбаева әншілікті тастап, психолог болып кетті ме «12 жас үлкен жігітті қалай қабылдауға болады?»: Ерке Есмахан тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді «12 жас үлкен жігітті қалай қабылдауға болады?»: Ерке Есмахан тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді «Көзіме жас келеді, алимент алмағанмын»: Ерке Есмахан 35 мың алимент алатыны туралы сауалға жауап берді «Көзіме жас келеді, алимент алмағанмын»: Ерке Есмахан 35 мың алимент алатыны туралы сауалға жауап берді «Қыздарым көп ауырады»: 17 жыл бойы ел алдына шықпаған Сандуғаш Стамғазиева жеке өмірінен сыр шертті «Қыздарым көп ауырады»: 17 жыл бойы ел алдына шықпаған Сандуғаш Стамғазиева жеке өмірінен сыр шертті «Бетіме отырыңыз»: Қайрат Әділгерей мен Дариға Бадықованың әзілі жұртқа жақпай қалды «Бетіме отырыңыз»: Қайрат Әділгерей мен Дариға Бадықованың әзілі жұртқа жақпай қалды «Жағдайы бар жігітке тұрмысқа шығу керек»: Танымал блогер қыздарға ақыл айтты «Жағдайы бар жігітке тұрмысқа шығу керек»: Танымал блогер қыздарға ақыл айтты Әлдекім Сәкен Майғазиевтің әйеліне телефон шалып, күйеуі Мадина Сәдуақасовамен жүретінін айтқан Әлдекім Сәкен Майғазиевтің әйеліне телефон шалып, күйеуі Мадина Сәдуақасовамен жүретінін айтқан «Халықты тонап жатыр»: Айнұр Тұрсынбаева өзін сынағандарға жауап берді «Халықты тонап жатыр»: Айнұр Тұрсынбаева өзін сынағандарға жауап берді «Күресіп көрсін, нәтиже шығарсын»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған келініне қатысты ойын айтты «Күресіп көрсін, нәтиже шығарсын»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған келініне қатысты ойын айтты