Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Аяғың түйедей дейтін»: Әсел Асқар бұрынғы енесінен қандай қорлық көргенін айтты

Жуырда екінші рет ана атанған Әсел Асқар қазақстандық енелерге жан айқайын жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Аяғың түйедей дейтін»: Әсел Асқар бұрынғы енесінен қандай қорлық көргенін айтты
сурет: cosmo.kz

Ол алғашқы 40 күннің психо-эмоционалдық тұрғыдан ауыр тиетінін айтып, осы кезеңде келіндерді қорламай, керісінше қолдауға шақырды. Әсел бірінші некесінде енесінен қандай қорлық көргенін ашық айтты.

Айтуынша, бірінші жүктілігі бойы және босанғаннан кейінгі кезеңде ол енесінен моралдық және эмоционалдық қысым көрген. Оның салдары денсаулығыма да кері әсерін тигізбей қоймады, дейді блогер. 

Барлығы күні кеше болғандай есімде. Арыстан дүниеге келгеннен кейін, ол ұлымды тартып алып, тек емізетін кезде беретін. Суық қолымен омырауымнан ұстап, сүтің аз деп сөгетін. Үнемі баламды тартып алатынын, өзінің атына жаздырып алатынын айтып қорқытатын. Үстел басында дауыстап тұрып менің толып кеткенімді, түрімнің сұмпайы болып кеткенін айтып қалжыңдайтын. Ісіп кеткен аяғымды көргенде айқайлап күліп, аяғың түйедей дейтін. Ұлы маған көмектесуге тырысқанда оны тартқылап: "Ол бала туған алғашқы және соңғы әйел емес. Асты-үстіне түсудің қажеті жоқ, - дейтін. 

Ал көкірегім ісіп, дене қызуым 39 градусқа дейін көтерілгенде, айқай-шумен мені ауруханадан шығарып алды. Ештеңе етпейтінін, өздігінен қайтатынын айтты. 

Бағыма орай, анам жасырын түрде камфора майын әкеліп, кеудеме қойып жүрді. Әжемнің осы әдісі болмаса, маған операция жасайтын еді. Себебі ірің пайда болып үлгерген", - деп ағынан жарылды Әсел. 

Блогердің айтуынша, бұл енесі көрсеткен қорлықтың басы ғана. Қалғанын айтуға аузым да бармайды, деп ашынады ол. 

20 жаста болған Әсел енесіне қарсы шыға алмағанын, үнсіз ғана жағдайды қабылдағанын айтады. Есесіне екінші баласын босанғаннан кейінгі жағдай мүлдем басқаша, дейді Асқар.

Қазіргі уақытта күйеуі мен анасы Әселге барынша қолдау көрсетуге тырысуда. Осы ретте блогер барша қазақстандық енелерге назын айтты. 

Келініңіз қанша ашуыңызға тиіп, қанша жерден лайықсыз болып көрінсе де, босанғаннан кейінгі 40-50 күнде оларға тиіспеңіздер. Қамқорлық таныту қиын болса, тым болмағанда басқа жаққа кетіп қалыңыз. Бірдеңе ойлап табыңыз, өтірік ауырып қалыңыз, жастарға бұл сәтті өздігінен көруге немесе келіннің анасына көмектесуге мүмкіндік беріңіз. Немереңіз ешқайда қашпайды. Сізге әлі алғыс жауады. Тым болмағанда қартайған кезде жасаған әрекеттеріңіз үшін сізден ешкімнің кек алмайтынына кепіл болады. 

Үнемі болашағыңызды ойлаңыз. Ол сіздің ұрпағыңызды дүниеге әкелді. Екі жасты ажырастырсаңыз да, ол ешқайда кетпейді. Екеуіңізді жоғарғы жақтан байланыстырып қойды. 

Сіздердің келіндеріңіз де біреудің қыздары, ендігі аналар, өкініштен төгілген әрбір көз жасы есептеледі", - дейді Әсел.