Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Тамара Асар жолдасы мен қайын жұрты жайлы сұрақтарға жауап берді

Отандық танымал әнші Тамара Асар отбасылық өміріне қатысты жан сырын ақтарды. 45 жасында қызды болған өнер иесі алдағы уақытта тағы да балалы болғысы келетінін жасырмады. Оған қоса, ол жолдасының ер жеткен ұлын көрсетті, деп жазады Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Тамара Асар жолдасы мен қайын жұрты жайлы сұрақтарға жауап берді
Сурет: Nur.kz

Тамара Асар Instagram желісінде кезекті рет сұрақ-жауап ашып, оқырмандары жолдаған сауалдарға жауап берді. Әншінің жеке өмірін жіті бақылап отыратын көпшілік одан тағы да сәби сүюге қатысты ойын білмек болды. Өнер иесі өз кезегінде тағы да сәбилі болуға ниетті екенін жеткізді.

"Әрине, қалаймын. Бізге Алладан Ажар сияқты аяқ асты тосын сый болып келсе, менің әйел әлемім перзентті сүйеді. Тек денсаулығым мен жүйкеме, өзімді басқаруыма бапты күшейтер едім", - деді ол.

Тамара Асарға жолдасы мен қайын жұрты жайлы сұрақтар көптеп қойылады. Әнші күйеуінің жасы 45-те екенін, отбасында бір ағасы, бір қарындасы бар екенін айтты. Сондай-ақ, бұрынғы некесінен ұлы бар екенін жасырмады.