Желідегі парақшасына "камераға ойнайсың", "жүктілігіңмен шаршаттың" деп пікір жазғандар актрисаның ашуына тиді. Жәния әлеуметтік парақшасында әдетте өзінің жиі ашуланбайтынын айтып, видео жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Фейк аккаунтпен тіркелеген екі ақымақ мені әбден ызаландырды. Маған "камераға ойнайсың", "жүктілігіңмен шаршаттың" деп жазып жіберіпті. Мені қарамай-ақ қой, өшіріп таста, бұғатта. Мен парақшамды жалғыз сендер үшін ғана жүргізбеймін ғой,— дейді Жәния.
Джуринская хейтерлердің біріне жауап берді.
Мен оған "Таяз ойлайсыз. Парақшама жазылмаңыз. Мен өз парақшамда не істесем де өзім білемін", дедім. Сөйтсем ол маған "тәрбиесіз" деп жазып жіберіпті,— деді ашуға булыққан актриса.