Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Мұхамеджан пір боп кеткен бе?": желі қолданушылары айтыскердің суретін талқылауда

Бұрынғы айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек әнші Мақпал Жүнісовамен түскен суретке қатысты өзінің Facebook-тегі парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.

"Мұхамеджан пір боп кеткен бе?": желі қолданушылары айтыскердің суретін талқылауда
Сурет: exk.kz

Суретке қарап желі қолданушылыры "Мұхамеджан пір боп кеткен бе? Неге үлкен кісі иіліп тұр?", "Ыңғайсыз сәтті тосыннан түсірген шығар" деп біраз топшылаған көрінеді.

Бірден айтайын, "келіннің бетін кім ашса, сол ыстық" демей ме, Заманбек ағам мен Мақпал жеңгем үйленгенде бетін өзім ашқам, арнаумен дастарханды дүрілдетіп, Қазақтың Мақпалының тойын маздаған оттай лаулатқанбыз. Алматының игі жақсылары куә боп, Фариза апаларымыз бата беріп, керемет кеш өткізгенбіз. Ол күнгідей Заманбек ағамның ерекше қуанған, жүрегі жарыла шаттанғанын одан кейін көрген емеспін. Содан бері, ардақты ағамның құрметі үшін, қайнылық қақымды құрметпен өтеп, асыл жеңгем көрген жерде ізет жасайды, ілтипатпен ерекше сәлемдесеміз, — деп жазды ол.

Мұның еш ерсілігі жоқ деп санайтын Мұхамеджан Тазабек қазақта қайны мен жеңгенің ерекше сыйластығы барын алға тартты. Оның айтуынша, екеуі де сол сыйластықтан әлі күнге дейін танбаған.

Дәстүрлі тәрбие көрген, қанша елге танымал алтын басты апа болса да, қазақи жолдан жаңылмай үлкенді де, кішіні де сыйлап жүрген, елдің еркесі — Мақпал жеңгеме Алланың нұры жаусын, —деп жазды Мұхамеджан.