Отандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей ЭКО арқылы бала көтеру жайында ашық айтты. Ақпарат өкілі бұл үрдіске бірнеше мәрте жүгініп, ақыры өз мақсатына жеткен. Бүгінде оның үш баласы бар, деп жазады Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Айгүл Мүкей репортаж түсіріп жүріп, осы саланың негізін қалаған Салтанат Байқошқаровамен танысқан.
2000 жылдары ЭКО туралы және медицинаның осы саласының негізін қалаған Салтанат Байқошқарова туралы репортаждар түсіріп жүрдім. Түсіре жүріп тамсанатынмын. Ол туралы көп ойладым, армандадым. Көп рет жасаттым, ақырында мақсатыма жеттім", - деп ағынан жарылды тележүргізуші. Айта кетейік, бүгінде Айгүл Мүкей үш баланың анасы болып отыр. Ақпарат өкілі өткен жылы кенжесін дүниеге әкелді.