Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Бақыттымын": Сиви Махмуди күйеуімен ажырасуы туралы сауалға жауап берді

Сиви 10 жыл отасқан жары Аңсармен үйленгенге дейін 2 жыл қыз-жігіт болып кездескен.

"Бақыттымын": Сиви Махмуди күйеуімен ажырасуы туралы сауалға жауап берді
фото: ашық дереккөз

Сиви Махмуди instagram парақшасында жұбайымен не үшін ажырасқанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz.  

Сиви 10 жыл отасқан жары Аңсармен үйленгенге дейін 2 жыл қыз-жігіт болып кездескен. Бас-аяғы 12 жылды бірге өткізген Сиви мен Аңсар былтыр ат құйрығын үзіскен. Алайда әнші жеке өміріне қатысты бұл жаңалықты тек биыл жария етті. Instagram-дағы парақшасында Сиви қайта тұрмыс құру туралы сұраққа жауап берді.

Алғашқыда "Қайта тұрмысқа шыққым келмейтін сияқты" дегенімен, кейін бұл сұрақты болашақтың еншісіне қалдыратынын жеткізді. 

Сондай-ақ әнші ажырасу себебін айтқысы келмеді. 

Себебі ол - ортақ балаларымыздың әкесі. Барлығына жақсылық тілеймін, - деді Сиви.

Әншінің бұл некесінен екі ұлы мен бір қызы өсіп келеді. Үш баланың арасы 1 жастан. Өмірін отбасына арнаған әнші үш рет отаға түскенін, алайда оған еш өкінбейтінін айтады. 

Мен үш жыл қатарынан кесарь тілігі арқылы үш бала тудым. Өте ауыр болды. Бірақ қазір өкінбеймін, мен бақыттымын, - деді ол.