Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Ер адам деп қалдым": Ләйлә Сұлтанқызы жас кезіндегі суретін жариялады (ФОТО)

Суреттен тележүргізушінің ұлттық көйлекпен тұрғанын көруге болады.

"Ер адам деп қалдым": Ләйлә Сұлтанқызы жас кезіндегі суретін жариялады (ФОТО)
фото: ашық дереккөз

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы instagram-парақшасында жас кезіндегі суретін жариялады деп жазады Paryz.kz.

Суреттен тележүргізушінің ұлттық көйлекпен тұрғанын көруге болады.

Өзінің жазуынша, бұл фото 1992-1993 жылдары Наурыз мерекесі кезінде түсірілген екен.

1992-93 жылдар-ау шамасы. Наурыз мерекесін енді-енді тойлап жүрген кезіміз. Есімде, Дишинкам екеуміз Шымкенттің зоопаркінде өтетін Наурызға қатты дайындалатынбыз. Мамам көже пісіреді, мен нөмір дайындаймын. Ән, би, өлең оқу дегендей. Уақыт деген зымырап өтіп барады, - деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары Ләйләнің суретіне қатысты пікірлер жазып жатыр.

"Түріңіз ұл сияқты болыпты", "Сардардың көшірмесі", "Қабақты қарамайсың ба?", "Ашулысыз ғой", "Бұл шынымен сіз бе?", "Ер адам көйлек киіп алған екен деп қалдым", "Ер адам деп қалдым", "Мүлдем өзіңізге ұқсамай тұрсыз", "Шынымен Ләйлә ма?", - деп жазуда олар.