Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ерке Есмахан сүйіктісімен айырылысып кеткен

Оның сөзіне қарағанда, бұл - ортақ шешім емес.

Ерке Есмахан сүйіктісімен айырылысып кеткен
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан сүйіктісі Азамат Зенкаевпен айырылысып кеткенін айтты деп жазады Paryz.kz.

Оның сөзіне қарағанда, бұл - ортақ шешім емес. Қарым-қатынасты тоқтатып тастаған да Еркенің өзі екен.

Әнші instagram-парақшасында Азаматпен екіге айырылысқанын растады.

"Жолымыз ажырады. Екі бөлек кеттік. Бұл ортақ шешім емес. Бұл менің қалауым болды. Енді алдағы уақытта бір Алланың еншісінде. Тек жақсылық болсын", - деп қысқа қайырды ол.

Бұл хабарды естіген көпшілік шоу-бизнес жұлдызынан айырылысуының себебін сұрап білмек болған, бірақ Ерке Есмахан бұл жайында сөз қозғамайтынын кесіп айтты.

"Ол көзге шөп салатын адам емес. Себебін айтпаймын. Сұрамаңыздар", - деп жауап берді ол.