Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қуат Хамитов кино саласына бет бұрды ма? (ВИДЕО)

"Жалпы, спортты қойғаннан кейін, киноға түсетінімді білдім..."

Қуат Хамитов кино саласына бет бұрды ма? (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов жеке өміріндегі және шығармашылығындағы жаңалықтар жайлы НТК телеарнасының "Ревю" бағдарламасында айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Қуат Хамитов жуырда ғана көрерменге жол тартқан "Портье: Мальчик на побегушках" фильмінде атышулы Айжан Байзақовамен бірге басты рөлді сомдады. Көрермен Қуаттың актерлік шеберлігін жоғары бағалағанымен, ол басында киноға түскісі келмегенін айтты. 

"Сен өзіңді сомдайсың, сценарий саған арналып жазылды" деп, кастингке бармай, басты рөлді бергеннен кейін, келістім. 

Жалпы, спортты қойғаннан кейін, киноға түсетінімді білдім. Мені мақтап жатыр. Біріншіден, Қазақстанда мұндай сценарий болмаған. Көрермен мен ойнаған эпизодтарды мақтап жатыр. Өйткені менің боқтап жіберген кездерім болған, күлетін жерлері көп. Екінші бөлімін Дубайда түсірсек деген жоспар бар, - дейді Хамитов.

Қуат киноға түсуді оңай іс деп санағанын жасырмайды. Алайда күн-түн демей түсірілімде жүргенде бұл ойын өзгерткен. Тіпті, орта жолда түсірілімнен бас тартуды ойлағанын жасырмайды. 

Өте қатты шаршадым. Екінші күні "нем бар еді киноға түсіп?" деп айтқаным бар, - деді Қуат. 

Фильм жарыққа шықпас бұрын, желіде Хамитов пен Байзақованың жанжалдасып қалған видеосы тарады. Қуат аталған үзіндінің кадрдан алынғанын растады. Өмірде Айжанмен қарым-қатынасы жақсы екенін айтты. Ал кинодағы әріптесімен жұптастыратындарға: 

Жоқ, ештеңе байланыстырмайды. Жай доспыз, - деді. 

Оқи отырыңыз: Атышулы Айжан Байзақова Қуат Хамитовты "нокаутқа" түсірді (ВИДЕО)

Хамитов Байзақованы айыптаған көрермен хатына жауап берді. 

Қандай болмасын, ол өзіміздің қарындасымыз. Әпкесі, анасы, отбасы, қазір баласы бар. Сондықтан қыздарды олай бөлудің қажеті жоқ деп ойлаймын, - деді ол.

Спортшы жеке өміріне қатысты құпияның шетін ашты. Ол келер жылы үйленуді жоспарлап отырғанын айтты. Алайда кімге үйленетінін әзірге шешпеген секілді.

Сүйіктім бар деп айта алмаймын. Өзім соңғы рет студент кезімде қызға ғашық болған шығармын. Соңғы 10 жылда ғашық болуға уақытым жоқ па, әлде қыздар ұнамай ма, қыздардың бәрі бір-біріне ұқсап кетті ма?! - деді ол.