"Балнур, не істегің келеді, соны жаса“ деп айттым. Та-даам!!! Бір сағаттың ішінде СУПЕР жаңа прическа..."
Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова жаңа образымен халықты таң қалдырды. Ол жаңа шаш үлгісін жасау процесінің видеосын салып, жазба қалдырғаны сол-ақ екен, әлеуметтік желідегі жұртшылық оны сынап тастады деп жазады Paryz.kz.
Білмеймін, Алматының ауа-райы әсер етті ме, бірақ, бүгін @diva_boni -дың салонына барып "Балнур, не істегің келеді, соны жаса“ деп айттым. Та-даам!!! Бір сағаттың ішінде СУПЕР жаңа прическа.
Қыздар, бұндай шаш үлгісін бұрын соңды ешкімнен көрген жоқсыздар ғой, даа?!
Жаңа ТРЕНД! Жаңа ОБРАЗ! Жаңа АЛЬБОМ! Көзімізді үйрете берейік, бұл өзгерістердің тек басы ☝🏻Қалай Сіздерге? - дегенімен, оқырмандарының басым бөлігіне әншінің жаңа образы ұнамай қалған секілді.
"Мүлдем жараспайды", "шашыңызды құртты", "өкініп қалған шығарсыз", "жүнін жұлған тауық құсап", "мә, қуа ма, не істеді шашын"... - деген сынды пікірлерін жазып жатыр.