Оған оқырмандар да Үкіметтен әлі күнге атақ алмаған актрисаны қолдап жатыр.
Танымал актриса Дариға Бадықова жақында ғана рекордтық көрсеткішпен аяқталған «Келінжан» сериалындағы рөлі үшін "Дарын" сыйлығын немесе ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағын сұрап отыр. Бұл туралы актриса өзінің instagram желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz.
Актриса халықтың көзайымына айналған сериалдың продюсері, режиссері, актерлік құрамына алғыс айтты.
Каналда да, ютубта да рекордты просмотрды жарды👏 Сериал аяқталмай жатып 2млн қаралым жинағаны, қазақ сериалы үшін өте жақсы нәтиже!⠀
⠀
Міне, халықтың өзі-ақ жоғары бағасын берген, мойындаған сериал осындай-ақ болсын. Әттең, “Келінжан” жайлы көсіліп айтар Түнгі студиядай бағдарламалардың болмағанын-ай😊 Артисты шақыратын шоу бағдарлама таппай қалдық!⠀
Әйтпесе, тап қазір халықтың шөлін басар бір выпуск болар еді.⠀
Не дейміз? Сөз соңында, халық мойындаған біздерге бір жапырақ қағаздарыңызды берсеңіздер болады, мысалы “Дарын”, тіпті болмаса ҚР Еңбек сіңірген қайраткер атағын берсеңіздер де дым реніш жоқ😀. Қуана қабыл аламыз! Ең бастысы, көрермен, халық мойындады👏.⠀
АҒАЙЫЫН АТАҚ БЕРСІН БЕ? - деген сауалнама тастады.
Оған оқырмандар да Үкіметтен әлі күнге атақ алмаған актрисаны қолдап жатыр.
«Жалғасын күтеміз», «Керемет сериал, тез бітіп қалды», «Айсараны күшті сомдадыңыз, сіз үшін көрдік», «Барлық атаққа лайықсыз», - деген пікірлерін жарыса жазып жатыр.